Қоғам

Солтүстік Қазақстандағы бірнеше ауылдың атауы қазақшаланады

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» бірлескен құжаты дайындалды, деп хабарлайды Turanews.kz.

Айыртау ауданы бойынша:

  • Қамсақты ауылдық округінің Карасевка ауылына – Қамсақты;
  • Володар ауылдық округінің Воскресеновка ауылына — Баянтай атауы беріледі.

Шал ақын ауданы бойынша:

  • Кривощеков ауылдық округіне — Арай;
  • Кривощеково ауылынаАрай ауылы атауы берілмек.

Әкімдік қаулысы мен облыстық маслихаттың бірлескен шешімі 7 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.

TuraNews

Back to top button