ӘлемМәдениетСаясат

Садыр Жапаров: Қазақ пен қырғызды бізден басқа ешкім қолдамайды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевқа асыл тұқымды жылқы сыйлағаны жайлы «Кабар» агенттігіне сұхбат берді.

— Әлеуметтік желі арқылы өзін Қазақстанның айтыскер одағының төрағасының бірінші орынбасарымын деп таныстырған Аманжол Әлтаев қырғыз мемлекетінің басшысы қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевқа арғымак сыйға тартқанын сынға алды. Қырғыз халқынан қазақтың өнері мен қадір-қасиетін жоғалтпауды сұрап, көшедегі біреуді қазақ халқының ақыны етіп көрсетпеуге шақырды. Бұған қалай жауап берер едіңіз?

— Иә, бауырымыз Аманжол Әлтаевтың әлеуметтік желідегі үндеуін мен де оқыдым. Әрине, бұл ыңғайсыз үндеу болды. Ең алдымен «Елшіге де, әншіге де өлім жоқ» дейді. Елшілер өз жұмысын жасайды. Әншілер, тіпті ақындар өздеріне ыңғайлы жерде ән салады. Сын айтып ән салады, мадақтап ән салады, бірдеңе сұрау үшін ән салады. Одан кемшілік, саясат іздеудің қажеті жоқ. Екіншіден, ақын Біржан Қалдыбаев қырғыздың жиені. Мен қазақтың жиенімін. Біз туысқанбыз. Бесінші атам Солтонқұлдың әйелі Нооча қазақтың қызы еді. Үшіншіден, біз қырғыз-қазақша сөйлейтін халықпыз. Сол сәтте арғымак сыйға тартпасам, ол маған бір кезде ән шырқайтын еді. «Нағашым жаяу жіберді, нағашымның бір арғымаққа алы жок па? деп айтар еді. Ол жерге қатыспасам, сол ақынның әнін естімесем, әңгіме басқа болар еді. Сондықтан Аманжол мырзаға айтарым, сіз ешқашан жайсыз жағдайға тап болған жоқсыз.

Ешқандай саясат жоқ. Айтыскер ақын жиенімнің сөзіне түсіп қалмас үшін ғана арғымақ сыйға тарттым. Ал енді мен Біржан Қалдыбаевтың қандай ақын екенін де білмеймін. Мен оны бұрын да танымайтынмын. Оны көше ақыны деп атаған. Қазір көше ақыны болса, ақыры қазақ қырғыз халқына белгілі ақын болып кетер? «Бесіктегі бала патша бола ма, кім білсін, құрсағындағы бала патша бола ма, кім білсін» дейді. Ол жас бала екен. Қолдау болса ақыры атақты ақын болып шығар. Қазақ пен қырғызды бізден басқа ешкім қолдамайды. Біз бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз керек. Қазіргі әлемдік жағдай өткір. Қазақ пен қырғыздың арасына от салғысы келетін үшінші күштер әлі де жоқ емес. Біз мұндай адасушылықтан аулақ болуымыз керек. Арамыздағы тыныштықты сақтайық. Онсыз да ат төбеліндей ғана елміз.

TuraNews

Back to top button