ӘлемҚоғамСпорт

Тунадан Орхонға «Жібек жолы» раллиі басталды

Әлемнің алдынғы қатарлы автомобиль раллилерінің бірі Еуропа-шығыс/Шығыс-батыс достық раллиінің жаңа кезеңі «Жібек жолы» раллиі басталды, деп хабарлайды Turanews.kz.

Еуропаның 6 елінен 40 спортшының қатысуымен Түркия арқылы өтіп, Моңғолияға жететін «Жібек жолы» раллиі аясында 19 тамыз күні Германия, Австрия және Италиядан жолға шыққан сайыскерлер 20 тамыз күні Венгрияда кездесті.

16 қыркүйек күні 11 мың шақырымды құрайтын ралли Сербия, Болгария, Түркия, Иран, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Қытай арқылы өтіп, Моңғолияда аяқталады.

Шығыс-батыс достық және бейбітшілік раллиі қауымдастығы төрағасы Надир Серин «Жібек жолы» раллиінің дайындықтары аясында барған Еуропа Парламентінде (AP) жасаған мәлімдемесінде раллидің маңызды мақсаттарының бірінің Түркияны таныту екенін айтты.

Серин «Біз бұл раллиді Түркияны таныту аясында өткізіп жатырмыз. Байқауға қатысушылардың барлығы шетелдік. Биыл 6 елден сайыскер қатысады. 20 көлік, 40 адаммен жолға аттанамыз» деді.

«Байқауға қатысушылар Түркияда көрсеткен қонақжайлылық арқасында елдеріне оралғаннан кейін біздің ерікті елшілеріміз болады» деген Серин шығыс пен батыс өркениеттері арасында көпір салудың әсіресе Еуропа құрлығында жалғасқан соғыс кезінде бұрынғыдан маңызды екенін атап көрсетті.

Серин «Жібек жолы» раллиінің Анадолы арқылы өтіп Дунай өзенін Орхун алқабымен байланыстыратынына тоқталып, өткен жылы өткізілген раллидің алғашқысы сияқты биыл да соңғы аялдама болған елге көліктерді сыйға тартатындарын атап көрсетті.

TuraNews

Back to top button