Еліміздегі барлық мектептерде бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Turanews.kz.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын аз қамтылған отбасылардан шыққан 97 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы тәрбиешілердің еңбекақысын арттыруды тапсырған болатын. Биыл 1 қыркүйектен бастап тәрбиешілердің жалақысы 30% — ға көтеріледі. Бұдан басқа, мектепке дейінгі ұйымдарда орындардың бөлінуін ашық жүргізу үшін жыл соңына дейін «Балаларды кезекке қоюды есепке алудың бірыңғай базасы» әзірленуде. Оны толықтай іске қосу жылдың соңына дейін жоспарланып отыр», — деді министр.