ӘлемМәдениет

Қазақ баласы туралы Қытайда түсірілген фильм прокатқа шықты

9 тамызда Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі партия комитетінің үгіт-насихат бөлімі ұйымдастыруымен «Тяньшань фильм» киностудиясы түсірген «Қамшы» балалар фильмі ресми түрде прокатқа шықты. Бұл туралы осы аптада Қытайдың «Орталық халық радиосы» ақпараттық порталы хабарлады.

Айта кетейік, «Қамшы» фильмінде қазақтың жас баласы Аңсар өз арманын жүзеге асыру үшін атқа мінуі туралы баяндалады. Сонымен бірге фильмде Алтайдың әсем табиғаты да көрсетілген.

Бұл фильмде қазақтың атқа міну мәдениеті мен түрлі этностардың бір-біріне көмектесуі өзек етілген.

«CNR»-дің дерегінше, режиссер осы кинода көркем дала табиғатының көріністерін алу арқылы бір жылдың төрт маусымында түрленіп тұратын Алтай аймағының таңғажайып көркем көріністерін көрсеткен. Фильмде кішкентай Аңсардың өміріндегі қиындықтары мен арман-мұраты баяндалған. Сол арқылы Аңсардың ат бәйгесінде бас жүлдені алып, өзінің аға-бауырларымен қалай тату-тәтті өмір сүріп, әке-шешесінің сүйіспеншілігін түсінеді. Бас кейіпкердің жақсы достар арасындағы уәдеден айнымауы, көптің көмегінде мейірге бөленіп есейіп, ер жетуі бейнеленеді.

«Бұл фильмге көптеген әуесқой әртістер қатысқан. Әсіресе, кішкентай әртістердің бірнешеуі Алтай, Іле аймағындағы қарапайым оқушылар. Олардың кіршіксіз көңілімен сомдаған ойындары киноға қарапайым әрі жатық суреттеулерді қосты», — дейді киноның режиссерлері Дун Шинуын мен Шапағат Мұрат.

Аталған фильм Қытайдың бірнеше мемлекеттік кинофестивалінде жүлделі орындардан көрініп, ел ішінде жасалған үздік кинолардың қатарына енген.

 

Via
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button