Қоғам

Түркістанда бас қосқан халықаралық экологтар қарар қабылдады

Облыс әкімдігі мамандарының, экологтар мен халықаралық сарапшылардың басын қосқан жиында Түркістан өңірінің жасыл аймағын күтіп ұстау мен көлемін ұлғайту мәселесі талқыланды, деп жазады Turanews.kz El.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Пленарлық отырыста мамандар Түркістанда тек өңірдің топырақтық – климаттық жағдайына бейімделген ағаштарды отырғызу және жаңа технологияларды енгізу, орман тұқымы аумағын қалыптастыру, тұқымбақ шаруашылығын кеңейту туралы тоқтамға келді.

Халықаралық жиында алғаш болып баяндамаға шыққан Түркістан облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев Президент Жолдауындағы тапсырмаға орай республика аумағында экологиялық ахуалды жақсарту үшін 2 млрд. әртүрлі ағаш көшеттерін отырғызу мақсатында кешенді жоспар қабылданып, облыс бойынша 5 жылда 110,2 мың гектар жерге 170,0 млн. ағаш көшеттерін отырғызу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек етті.

Баяндамашының мәліметінше, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен Түркістан қаласының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында «Жасыл белдеу» аумағын 30 мың гектарға жеткізу жоспарланып, бүгінгі таңда 15 009 гектар жерге көшеттер егіліп, күтіп-бапталуда.

Түркістан қаласы мен облыстың бірқатар аудандарында климаты күрт континетальды болуына орай, егілген орман ағаштарының бірінші, екінші жылдарында 25 пайызының жерсінбей қурап қалуы, табиғи заңды құбылыс.

Сондықтан орман шаруашылығы қағидаларында көрсетілгендей қураған ағаштарды қайта жаңғырту мақсатында орман екпелерін толықтыру жұмыстарын жүргізу, екпелерді құру процесінің кезекті тармағы болып есептелінеді. Осыған орай жасыл желектерді күтіп баптау мерзімі 5 жылға созылуы бойынша шешім қабылданып, мәдени орман екпелерінің көнімділігі 55 пайыздан жоғары болмайтынын атап өткен.

Министрлік қолданыстағы орман алқаптарын күзгі түгендеуден өткізу Қағидасына өзгерістер енгізіліп, Түркістан облысындағы мәдени орман алқаптарының жерсіну мен сақталу көрсеткіші 50 пайызға белгіледі. Түркістан қаласы экологиялық аймаққа енгізілгенімен, күзгі түгендеу қортындыларына сәйкес, қазіргі таңда қала айналасындағы жасыл екпелердің көнімділігі 60-65 %-ды құрап отыр, – деді Қ. Амангелдіұлы.

Мінберге көтерілген Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбеков, Орталық Азиядағы «BIOVERSITY international» басқарушысы Мухаббат Турдиев, «Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының» бағдарламалар және жобалар директоры Али Зулфикар, Қазақ жеміс көкеніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Теміржан Айтбаев, Nath Bio-Genec (I) Ltd Үндістан Доктор Кулькарне, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің орман ресурстары және орман шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі Ж.Боранбай, Орталық Азиядағы «IWMI» халықаралық су ресурстарын басқару орталығының басшысы Др. Ойторе Анарбеков, «Байтақ-болашақ» республикалық одағының президенті Ғани Назарбек өз ойларын бөлісті.

Сонымен қатар «Ә.Бөкейханов атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің аға ғылыми қызметкері Андрей Кабанов Астана қаласының Жасыл аймағын құру жөнінде айтса, Өзбекстан Республикасы «Мирза Улығбек атындағы Ұлттық университеттің» академигі Лазиза Гафурова суармалы бұзылған құрғақ топырақтардың құнарлығын арттырудың ғылым негіздеріне тоқталды.

Сондай-ақ Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми институты басқарма төрағасы Бейбіт Дүйсенбеков Орман шаруашылығының зиянкестерімен күрсу тәсілдерін атап өтті. Ал Өзбекстан республикасы Ташкент аграрлық университетінің профессоры Якубжан Юлдашев «Өзбекстан мемлекетінің орман шаруашылығындағы жетістіктері» мен «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының» ғылыми жұмыстары бойынша директоры Нұрлан Балғабаев «Су тапшылығының мәселелері және оны шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасады.

Шарада ауыл шаруашылығын дамыту және жаңа технологияларды енгізу және Түркістанның айналасында атқарылған жұмыс – аса қажырлы еңбек екені айтылып, осындай климат жағдайында «жасыл» аймақ» құру өте қиын екені сөз болды.

Сонымен қатар, климаттың қолайсыздығы, жазда ауаның температурасы 40-45 градустан асатыны сондай-ақ, жауын-шашын өте аз екену туралы сөз озғалды. Сарапшылар көгалдандыру жұмысында барлық қажетті нормалар сақталған. Сондықтан бұл үлкен еңбек өз жемісін беретінін баса айтты.

Маңызды шарада салаға ғылым жетістіктерін молынан пайдалану қажеттілігі жеткізілді. Бұл тұста «Ә.Н.Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» ұжымы маңызды рөл атқармақ.

Жасыл аймақты жетілдіру жұмысына жаңа серпін берген конференция қорытындысы бойынша қарар қабылданды. Онда жылжымалы құмдарды тоқтату, орман тұқымбақтарында тамшылатып суару әдістерін кеңінен қолдану айтылды.
Бүгінгі жиында қабылданған қарар осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға бағыт-бағдар беретін құжат.

Басқосуға арнайы қатысқан Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан мен Пәкістан, Орталық Азия елдерінен келген ғалымдар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ауа-райы қолайсыз аумақта ағаштарды баптаудың қыр-сырымен бөлісті.

Сонымен қатар облыс әкімдігінің бастамасымен Түркістанда 2019-2022 жылдары қала айналасынан 7700 га жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланды. Бүгінгі таңда барлығы 15 009 га жерге көшеттер егіліп, күтіп-бапталуда. Алдағы уақытта «Жасыл белдеу» аумағын 30 мың гектарға жеткізу көзделуде.

TuraNews

Back to top button