Әзербайжан президентінің кеңесшісі Хикмет Хажиев Үндістанның Әзербайжандағы елшісі Сридхаран Мадхусудхананнан Арменияға қару-жарақ жеткізуді тоқтатуды сұрады, деп жазады Turanews.kz.
Хикмет Хажиев Әзербайжан Армениямен бейбітшілік келіссөздерін өткізіп жатқан кезде Үндістанның бұл елге өлімге себеп болатын қару-жарақ жеткізуі Арменияның милитаризациялануына және жағдайдың шиеленісуіне әкеліп соқтырғанын және оның Оңтүстік Кавказдағы қауіпсіздік пен бейбітшілік орнатуға кедергі болғанын атап өтті.
Бұл жағдайдың Үндістанның халықаралық құқық нормалары мен ережелерін негіз етіп жариялаған сыртқы саясатына және осы ел мүше болып табылатын Қосылмау қозғалысының тарихи Бандунг принциптеріне қайшы келетінін айтқан Хажиев елші Мадхусудхананнан Әзербайжанның алаңдаушылығын Дели әкімшілігіне жеткізуін сұрады.
Хикмет Хажиев сонымен қатар Үндістанды Арменияға өлімге себеп болатын қару-жарақ жеткізу туралы шешімін қайта қарауға шақырды.
Әзіһербайжан баспасөзінде Үндістаннан келген әскери жүктердің Иран арқылы Арменияға жеткізілгені анықталғаны хабарланған болатын.