ӘлемСаясат

Ердоған: Путин Түркияға келеді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путиннің Түркияға келуі мүмкін екенін,  алайда күнінің нақтыланбағанын айтты.

Президент Ердоған Стамбулда баспасөз қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Путиннің Түркия сапары туралы Ердоған «Күні әлі нақтыланбады.  Алайда сыртқы істер министрі, барлау қызметі басшысы келіссөздер жүргізіп жатыр. Тамыз айында сапар болады деп сенеміз» деді.

Екі басшының кездесуінің ең маңызды тақырыбы Астық дәлізі келісімі болады. Путиннің Африкаға астық беруге уәде бергені туралы президент Ердоған «Бұл тақырыпта Ресеймен бір саптамыз» деді.

Ердоған Ресейден Қаратеңіз дәлізі арқылы келетін астықтың Түркияда ұнға айналдырылып, кедей Африка елдеріне және даму жолындағы елдерге жолданатынын айтты.  Нигер және Буркина-Фасоның Францияға уран және алтын экспортын тоқтатуына байланысты президент Францияның бұдан бұрын Алжирде, Руандада, Малиде істеген әділетсіздіктерін баршаның білетінін айтты.

Source
TRT

TuraNews

Back to top button