ӘлемБастыМәдениет

Бакуде 1 тонна өзбек палауы дайындалды

1-4 тамыз аралығында Әзірбайжанның Баку қаласында «Өзбекстанның мәдениет күндері» өтетін іс-шаралар бағдарламасы аясында бірқатар мәдени-әдеби шаралар ұйымдастырылды, деп жазады Turanews.kz ӨзА ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстандық БАҚ-тың мәліметінше, аталған іс-шараға орай 3 тамызда Бакудегі «Бульвар саябағында» өзбек ұлттық аспаздық және қолөнер көрмесі ашылды. Онда өзбек ұлттық тағамы және білікті қолөнер шеберлерінің әлеуеті көрсетілді. Көрме аясында 1 тонна өзбек палауы дайындалып, қатысушыларға таратылды.

Сондай-ақ, шаралар барысында Өзбекстаннан келген қонақтар Әзірбайжанның қызықты және тарихи ескерткіштерімен танысуға мүмкіндік тапты.

TuraNews

Back to top button