ҚоғамСаясат

«Өзбекстан-2030» стратегиясы жалпыхалықтық талқылауға жарияланды

Өзбекстан Республикасының алдағы 7 жылда дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын «Өзбекстан – 2030» стратегиясы мен оны 2023 жылда жүзеге асыру шарасының жобасы «regulation.gov.uz» және «2030.strategy.uz» порталдарында қоғамдық талқылауға қойылды. Бұл туралы Turanews.kz Өзбекстанның Uza агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Өзбекстан – 2030» стратегиясының мақсаттары мен нәтижелi көрсеткiштерi қабылдауға, түсiнуге оңай формада берiлген және ол 5 бағыт бойынша 100 мақсатты қамтиды.

«Өзбекстан-2030» стратегиясын 2023 жылы жүзеге асыру шараларының жобаларындағы орындаушылардың мерзімі мен міндеттері, стратегияны іске асыру шеңберінде әзірленетін нақты нысаналы индикаторлардың тізбесі және әзірленетін нормативтік құқықтық құжаттардың тізбесі бекітілуде.

TuraNews

Back to top button