ӘлемБастыҚоғам

Аланиядағы жол апаты: Екі қазақстандық туриске ота жасалды

Түркияның Алания аумағында болған жол апатынан екі қазақстандық жарақат алды, оларға ота жасалды, деп хабарлайды Turanews.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін ҚР консулы Аланияға барған еді.

«30 шілде күні таңертең Аланияда Қазақстанның 12 азаматы мінген шағын автобус жол-көлік оқиғасына ұшырады. Түрік полициясынан алынған алдын-ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келе жатып жүк көлігін соққан. Соқтығысу салдарынан зардап шеккендер бар, олар шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді», — делінген министрлік хабарламасында.

Жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайын білу үшін қазақстандық консул дереу Аланияға аттанып, ондағы медицина мекемелерінде ем алып жатқан отандастармен кездесті.

«Микроавтобуста болған 12 қазақстандықтың екеуі ауырлығы орташа жарақат алған. Оларға ота жасалып, барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Қалған 10 отандастың, оның ішінде 4 баланың жағдайы қанағаттанарлық, өміріне еш қауіп жоқ. Барлығының медициналық сақтандыруы бар. Анталиядағы қазақстандық дипломаттар біздің азаматтармен тұрақты байланыста және тиісті жұмыс жүргізуде», — дейді Сыртқы істер министрлігі.

Еске салайық, түркиялық БАҚ-тың хабарлауынша, қазақстандық туристерді тасымалдаған микроавтобус Аланиядағы Okurcalar Mahallesi D-400 трассасында жүк көлігіне соқтығысқан. Салдарынан көлік жүргізуші мен гид (Украина азматы) оқиға орнында көз жұмды.

Апат орнына полиция мен медицина бригадалары дереу жіберілген. Көлікте болған 12 туристің алтауы ауыр жарақатпен жергілікті ауруханаларға жеткізілді.

TuraNews

Back to top button