
Түркияның Daily Sabah газеті Орталық Азиядағы алпауыт мемлекет Қазақстанның көрші елдермен және Азия мен Еуропаның ірі экономикаларымен байланысын нығайта отырып, ойын ережесін қалай өзгертіп жатқаны туралы мақала жариялады.
Басылым жаһандық сауда мен халықаралық жеткізу тізбегінің тез өзгеретін ландшафты стратегиялық көрегендік пен дипломатиялық ұшқырлыққа негізделген көшбасшылықты қажет ететінін жазады. Бұл, әсіресе, Орталық Азия мемлекеттері сияқты күрделі геоэкономикалық жағдайға тап болуы мүмкін елдерге қатысты. Инфрақұрылымға инвестиция салу бұл елдердің экономикалық өсуі үшін өте маңызды.
«Осы сын-қатерлерге жауап бере отырып, Орталық Азия елі – Қазақстан өзін Азия мен Еуропа арасындағы сауда динамикасын өзгертетін жоба – Транскаспий халықаралық көлік маршрутының негізгі ойыншысы ретінде көрсете алды. Транскаспий халықаралық көлік дәлізі – Орталық Азия, Кавказ, Түркия және Шығыс Еуропа арқылы Қытай Халық Республикасы мен Еуропалық Одақты байланыстыратын теміржол жүк дәлізі. Жоба елге айтарлықтай экономикалық пайда әкеліп, сауда айналымын кеңейтіп, шетел инвестициясын тартады деп күтілуде. Бұл экономиканы дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер мен жұмыс орындарын ашып, инновация жасауды ынталандырады», — делінген мақалада.