Қоғам

Қазақстанда «өзбек үлгісі» негізінде піллә шаруашылығы мен тұт ағашын өсіру дамытылмақ

Қазақстан Республикасындағы «Қазақжібекөндіріс» бірлестігінің басшысы Сұлтан Бәкіров бастаған Түркістан облысының аудан әкімдері мен бір топ кәсіпкерден құралған делегация Әндіжан облысы «Жібек көшет» кластерінде болды, деп жазады Turanews.kz «ӨзА» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстандық БАҚ-тың мәліметінше, қонақтар мұнда тұт ағашы мен жібек шаруашылығының «өзбек үлгісін» Қазақстанда тәжірибеде қолдану, ынтымақтаса тұт плантацияларын құру, жібек өсіру дәстүрін қалпына келтіру мақсатында келген.

Сапар барысында «Өзбекипаксаноат» бірлестігімен алдағы уақыттағы ынтымақтастық мәселелерін, жібек құртын өсірудің заманауи әдістерін енгізуге сарапшылар тобын тарту қарастырылған.

TuraNews

Back to top button