ӘлемБасты

Түркияда қазақстандық туристер мінген автобус жүк көлігіне соғылды, 2 адам көз жұмды

Түркияның Аланья қаласы аумағында туристер мінген шағын автобус жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан екі адам көз жұмып, тағы 12 адам зардап шекті. Жолаушылар арасында қазақстандықтар болған, деп Түркиялық NTV арнасына сілтеме жасап Turanews.kz жазады.

Басылымның жазуынша, туристік көліктің жүргізушісі мен украиналық гид оқиға орнында мерт болды.

12 турист, соның ішінде ауыр жарақат алған 6 адам Аланья мен Манавгат аудандарының ауруханаларына жеткізілді.

 

Via
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button