ӘлемБастыСаясат

Путин Түркияға келеді

Кремль Ресей президенті Владимир Путиннің Түркияға сапарының жоспарланып жатқанын жариялады, деп хабарлайды Turanews.kz Түркияның мемлекеттік телеарнасы TRT-ге сілтесе жасап.

Кремльдің сыртқы саясат кеңесшісі Юрий Ушаков ел астанасы Мәскеуде журналистерге Путиннің президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездесу жоспары туралы мәлімдеме жасады.

Путиннің 28 мамырда өткен президенттік сайлауда Ердоған жеңіске жеткеннен кейін бірден Түркияға келуге уәде бергенін атап көрсеткен Ушаков «Түркия және Ресейдің Путиннің Түркияға сапарын жоспарлап жатқанын растай аламын, бірақ  нақты күн мен уақыт туралы әзірге келіскен жоқпыз» деді.

Журналистердің «екі ел басшысының кездесуінде астық келісімі мәселесі күн тәртібінде бола ма?» деген сұрағына Ушаков «екі басшының телефон арқылы да, бетпе-бет кездесуде де бұл мәселені талқылауы «табиғи нәрсе» деп жауап берді.

TuraNews

Back to top button