ӘлемТехнология

«Twitter» платформасына жаңа логотип

«Twitter» әлеуметтік желісінің басшысы Илон Маск платформаның классикалық «құс» логотипін «X» әрпімен ауыстыратынын хабарлады.

Маск «Жақында «Twitter» бренді және барлық құстармен қош айтысамыз» деп жазды.

Басқа бір жазбасында «Twitter» үшін қолданылатын жаңа логотиптің суретін жариялаған Маск «Бүгін түнде үздік «X» логотипі жарияланса, ертең бүкіл әлемде эфирге шығамыз. Мына «X» секілді» деп жазды.

«SpaceX» және «Tesla» компанияларының да иесі Маск әлеуметтік платформаны қазан айында сатып алып, сол кезден бері өзгерістер жасап келеді.

TuraNews

Back to top button