БастыСпорт

Қазақстандық каратэшілер алғаш рет Азия чемпионатында топ жарды

Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасында XIX Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Turanews.kz.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жарыстың соңғы күні командалық сында жүлделі орындар сарапқа салынды.

Кумите бағдарламасында Қазақстан ерлер командасы күміс жүлдеге ие болды.

Сонымен, чемпионат қорытындысында Қазақстан құрамасы 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медальмен алғаш рет жалпы есепте топ жарды. Жапония каратэшілері (3 алтын, 3 күміс, 2 қола) екінші орында, ал үздік үштікті Иран (3 алтын, 2 күміс, 7 қола) құрамасы түйіндеді.

TuraNews

Back to top button