Үндістанда көшкіннен 16 адам мерт болып, 100-ден астамы үйінді астында қалды
Жұма күні Үндістанда құтқарушылар елдің батысында 16 адам қаза тауып, 100-ден астамы үйінділер астында қалған ірі көшкіннен аман қалғандарды іздеуді қайта бастады, деп хабарлайды Reuters.
Іздеу-құтқару жұмыстарына қалың тұман мен нөсер жауын кедергі келтіріп жатыр.
Көшкін түн ортасында Мумбайдан шамамен 60 шақырым жерде, Махараштра штатындағы шалғайдағы Иршалвади кентінде жүрді.
Бірнеше үй балшық астында қалды.
Құтқарушылар бейсенбіде қараңғы түскенге дейін үйінді астынан 16 мәйітті алып шықты.
Кентте кем дегенде 225 адам тұрған, олардың 80-нен астамы қашып үлгерді. БАҚ хабарлауынша, 100-ден астам адам үйінділер астында қалды.
Соңғы күндері болған аптап ыстық, дала өрті, қатты жаңбыр мен су тасқыны бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп, климаттың өзгеру қарқыны туралы тағы алаңдаушылық туғызды.
Кей жерлерде көшкін массаларының биіктігі 10-нан 29 футқа дейін жетеді.
Екі жыл бұрын көрші кенттегі көшкін 80-нен астам адамның өмірін қиды.
Үндістанның метеорологиялық департаментінің мәліметінше, елде жаңбыр маусымы басталғалы табиғи апат салдарынан 100-ден астам адам көз жұмған.
Метеорологтардың айтуынша, кейбір аудандарда соңғы 24 сағат ішінде 400 мм-ге дейін жаңбыр жауған.дығына байланысты Гуджарат штатында мектептер жабылып, жолдарды су басты.
Осы аптада үздіксіз жаңбырдан Ямуна өзені арнасынан шығып, 45 жылда алғаш рет Тәж-Махал қабырғаларына жетіп, бірнеше тарихи ескерткіш пен бақтарды су басты.