ӘлемБастыСаясат

Ердоған: Тезірек Солтүстік Кипр Түрік Республикасын мойындаңдар

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы мінберінен бүкіл әлемге жасаған тарихи үндеуін қайталап «Тезірек Солтүстік Кипр Түрік Республикасын мойындаңдар» деді, деп жазады Turanews.kz TRT-ге сілтеме жасап.

Ердоған Солтүстік Кипр Түрік Республикасының астанасы Никосияда 20 шілде Бейбітшілік және бостандық күні рәсімінде сөйлеген сөзінде 1963-1974 жылдары өкінішке орай Кипр түріктері үшін қан, көз жасы және қырғын болғанын, бірақ түрік ұлтының аяусыз зұлматқа  ешқашан бас имегенін айтты.

Ердоған Түркияның Кепілдік келісімінен туындаған құқықтары мен міндеттері аясында батыр әскерлері аралға аяқ басқан 1974 жылы 20 шілде күні   Кипр түріктерінің ешқашан жалғыз емес екенін әлемге тағы бір рет көрсеткенін білдірді.

Кипр Понти әкімшілігінің жасаған қиянаты мен қырғынын бүкіл әлемнен жасыруға тырысқанын түсіндірген Ердоған «Бірақ олар не істесе де мақсатына қол жеткізе алмайды. Біз бұл жерлерге жасалған қырғындарды ұмытпаймыз, ұмыттырмаймыз» деді.

Түркия мен Кипр түріктерінің келіссөздер мен бітімге келуден ешқашан қашпағанын, әділетті және түбегейлі шешімді қалайтындарына назар аударған Ердоған Кипр түріктерінің егемендік теңдігі мен тең халықаралық мәртебесі тіркелмейінше, жаңа келіссөз үдерісін бастаудың тілге тиек болмайтынын айтты.

Аралдың ежелгі және маңызды элементі Кипр түріктерін әлемнен ажыратып, елемеудің мүмкін еместігін білдірген Ердоған «Осы себепті Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы мінберінен бүкіл әлемге тарихи үндеуімді қайталаймын және Солтүстік Кипр Түрік Республикасын тезірек мойындаңдар» деді.

TuraNews

Back to top button