ӘлемСаясат

Әлиев, Пашинян және Мишель бас қосады

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Бельгияның астанасы Брюссельде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Еуропа Одағы (ЕО) кеңесінің төрағасы Шарль Мишельмен кездесетінін мәлімдеді,деп жазады Turanews.kz Түркияның мемлекеттік телеарнасы TRT-ге сілтеме жасап.

Министрлер кеңесі отырысында мәлімдеме жасаған Пашинян 15 шілдеде Брюссельде Әлиев және Мишельмен үш жақты кездесу өткізетіндерін айтты. Кездесуде Пашинян Әзербайжан мен Армения арасында қол қойылатын бітімгершілік келісімі бойынша келіссөздерде ілгерілеушілік болады деген үмітін білдірді.

Әлиев, Пашинян және Мишель 14 мамырда Брюссельде үшжақты кездесуде, ал 1 маусымда Молдовада өткен Еуропалық саяси қоғамдастықтың саммиті аясында Франция президенті Эммануэль Макрон мен Германия канцлері Олаф Шольцтің қатысуымен бестік кездесуі өткізген болатын.

TuraNews

Back to top button