ӘлемБастыСаясат

Шавкат Мирзиеев ант беріп, Өзбекстан президенті қызметіне кірісті

Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президенті қызметіне ресми түрде кірісті, — деп хабарлайды «Газета.uz».

Ташкентте Мәжіліс палатасының біріккен отырысы барысында Шавкат Мирзиеевтің жаңа лауазымға кірісуіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Өзбекстан Республикасы Конституциясының 92-бабына сәйкес, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев жаңа лауазымға кірісер алдында ант берді.

«Салтанатты түрде Өзбекстан халқына адал қызмет етемін және Конституция ережелері мен заңдарын сақтай отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандығына кепіл беремін. Өзбекстан Республикасы президентіне жүктелген міндеттерді адал ниетпен атқарамын деп ант беремін», — деді ол антында.

Айта кетейік, салтанатты іс-шараны Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы ашты.

 

TuraNews

Back to top button