ӘлемСаясат

Түрік делегациясы Баку түрік зиратына барып, шейіттердің рухына тағзым етті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш ресми сапармен  Әзербайжанға барды, деп жазады Turanews.kz TRT-ге сілтеме жасап.

Куртулмуш пен қасындағы делегация алдымен марқұм президент Гайдар Әлиевтің бейітіне гүл шоқтарын қойды.

Куртулмуш 20 қаңтар шәйіттері жерленген Шейіттер аллеясын аралап, осындаңы «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Одан кейін Баку түрік зиратына барып, шейіттердің рухына тағзым етті.

Мәжіліс төрағасы сайланғаннан кейінгі алғашқы сапарын Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) мен Әзербайжанға ұйымдастырғанын білдірді.

«Әзербайжан — Түркияның ең маңызды одақтасы және бауыры. Бұл елмен барлық салада тамаша қарым-қатынастарымыз бар. Түркия, Әзербайжан және Солтүстік Кипр Түрік Республикасы — бір-біріне жақын үш мемлекет. Олар «бір ұлт, үш мемлекет» түсінігімен әрекет етеді» деді ол.

TuraNews

Back to top button