БастыҚоғамСаясат

Елордада Орталық Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы басталды

Елордада «Өзгермелі әлемдегі Азия: болашақтың күн тәртібі» Орталық Азиядағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы өтіп жатыр, деп жазады Turanews.kz.

Форумның ашылуында сөз алған ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов жиынға көптеген сарапшы жиналғанын айтты.

«Бүгін бір мақсатта жиналып отырмыз. Яғни аймақтық қауіпсіздікті дамыту және идеяларды бөлісу, жаңа шешімдерді табу, Азиядағы қауіпсіздік мәселелерін қарастыру. Биыл форум 25 елден 60 көшбасшысының басын біріктіріп отыр», — деді ҚСЗИ басшысы.

Форумға Азия елдерінен келген 60-тан астам сарапшы қатысып жатыр.

Айта кетейік, аталған шара ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты және Сыртқы істер министрлігінің бірлесіп ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

TuraNews

Back to top button