БастыҚоғам

Бүгін Астанада қандай шаралар ұйымдастырылады?

Астана күні мерекесіне байланысты елордада бірқатар шара өтеді, деп хабарлайды Turanews.kz.

Атап айтқанда, сағат 11:00-де Астана қаласындағы Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Астана-мәдениет керуені» әскери оркестрлердің І Халықаралық әскери-музыкалық фестивалі туралы» баспасөз конференциясы басталады.

Ал, 16:00-де Орталық саябақтың автотұрағында қалалық «Толағай» алыптар сайысы өтеді.

Сондай-ақ, 18:00-де ЭКСПО аумағында Астана қаласы әкімдігі және Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Open Air» мерекелік концерті болады.

Ал, сағат 18:00-де «Астана опера» театрында Дж. Вердидің «Аида» операсы қойылса, 19:00-де «Номад сити холл» театрында «Болмаған балалық шақ» драмасы көрсетіледі және дәл осы уақытта, яғни 19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Махаббат бар ма?» лирикалық драмасы сахналанады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елорда күніне орай 100-ден астам мәдени, спорттық және танымдық іс-шара өткізу жоспарланған.

TuraNews

Back to top button