Әлем

Қырғызстанда балалардың тегіне анасының атын жазуға рұқсат берілді

Қырғызстанның Конституциялық сот алқасы 16 жасқа толған балалардың тегіне анасының атын таңдауға рұқсат берді, деп Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап жазады Turanews.kz.

Бұл туралы қоғам белсендісі Алтын Қапалова мәлімдеді.

Алтын Қапалова екі жарым жылдай елдің мемлекеттік органдарымен соттасып келген. Нәтижесінде ол енді кез келген ересек адам әкесінің тегінің орнына анасының тегін алуға болатын рұқсатқа қол жеткізді.

Қапалованың айтуынша, бұл ретте Конституциялық сот кәмелетке толмаған балалар үшін тегі ретінде әкесінің емес, анасының атын алуға тыйым салу туралы шешім шығарған.

Белсенді кез келген кәмелетке толған қырғызстандық енді анасының атын қабылдай алатынын атап өтті.

Осы шешім үшін Қырғызстанның Конституциялық сотына алғыс айтқым келеді және менің 16 жастағы ұлым Данияр Алтынұлы Қапаловты құттықтаймын, ол жақында төлқұжат алып, менің атымды ала алады, – деп әлеуметтік желідегі парақшасында жазды Қапалова.

TuraNews

Back to top button