Әлем

THY «Ең тұрақты ту тасымалдаушы әуе жолы» жүлдесін алды

Түрік Әуе Жолдары (THY) «World Finance» журналы берген «Ең тұрақты туд тасымалдаушы әуе жолы» марапатына ие болды және биыл да осы жүлдеге қайталай лайықты деп табылды, деп жазады Turanews.kz Түркияның мемлекеттік тедедарнасы TRT-ге сілтеме жасап.

THY-нің баспасөз қызметінің мәлімдемесіне қарағанда климаттық дағдарыс авиациялық индустрияда үлкен қиындықтар туғызып отырған кезде компания көміртегі теңдестіру платформасы «CO2миссиясы» арқылы Тұрақты авиациялық отынды пайдалану, тұрақты ұшу өнімдерімен қалдықтарды басқару әдісі және жолаушыларға ұсынатын тұрақты саяхат тәжірибесімен басты орынға шығып келеді.

Осы ерекшеліктерімен THY әлемдік қаржы және іскер топтар тарапынан маңызды сілтеме ретінде қарастырылған «World Finance» журналы берген «Ең тұрақты туд тасымалдаушы әуе жолы» марапатына ие болды және биыл да осы жүлдеге қайталай лайықты деп табылды.

THY 2008 жылдан бері көміртегі ластығын азайту үшін 100-ден астам операциялық үйлестіру жобасын жүзеге асырса, 2022 жылы 57 мың 581 тонна отынды үнемдеу арқылы 181 мың 379 тонна парниктік газ шығарындыларының алдын алды.

TuraNews

Back to top button