Қырғызстандағы Талас мемлекеттік университетінде Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТИКА) қолдауымен түрік тілі сыныбы ашылды, деп жазады Turanews.kz Түркияның мемлекеттік арнасы TRT-ге сілтеме жасап.
ТИКА-ның қолдауымен құрылған сыныптың ашылу салтанаты болып өтті.
Салтанатты шараға Талас қаласы әкімінің орынбасары Мира Сейдікерімова қатысты. Ол Талас мемлекеттік университетінде түрік тілі сыныбының ашылғанына риза екенін білдірді.
Түркияның Қырғызстандағы өкілетті елшісі Ахмет Садык Доған да түрік және қырғыз тілдерінің бір-біріне ұқсас екенін айтып, Қырғызстанда түрік тілін үйреніп, сертификат алған студенттердің Түркия университеттерінде қосымша тіл білімін қажет етпестен бакалавриат, магистратура немесе докторантурада оқи алатынын атап көрсетті.