Туризм

Жыл басынан бері Түркістанға жарты миллионға жуық турист келген

Жыл басынан бері Түркістанға 470 мыңнан астам турист және 1 миллионға жуық визитер келген. Аймақ басшысы Дархан Сатыбалды орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай статистика келтірді, деп жазады Turanews.kz.

«Өңірде туризмді дамыту бойынша облыста 3 негізгі бағыт айқындалған. Тарихи-танымдық бағытта туристерге 1 770 тарихи-мәдени ескерткіш қызмет көрсетеді. Экологиялық туриз бойынша облыс аумағында 4 ерекше қорғалатын табиғи нысан орналасқан. Олар: «Ақсу-Жабағылы» және «Қаратау» қорықтары, «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркі, «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркі. Экологиялық туризмді дамыту үшін 30 туристік маршрут құрылған. Емдік-сауықтыру туризмі бағытында 72 емдік сауықтыру орны жұмыс істейді. Олардың сыйымдылығы 7 940 төсек-орынға жетіп отыр», — деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, әкім жыл аяғына дейін 2 емдік-сауықтыру кешенін пайдалануға беру жоспарда бар екенін айтты.

«Жалпы, аталған бағыттар бойынша былтыр облысқа 470 мыңнан астам турист және 1 миллионнан визитер келді. Туризм саласына 69 млрд теңге инвестиция тартылды. Осы арқылы 19 туристік инвестициялық жоба аяқталып, пайдалануға берілді. Биыл 35 млрд теңгенің 10 жобасы іске қосылады», — деді Дархан Сатыбалды.

TuraNews

Back to top button