Түркияның Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені 8,5 пайыздан 15%-ке дейін көтерді. Бұл Орталық банктің жуырда тағайындалған жаңа басшысының алғашқы шешімі, деп хабарлайды Turanews.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Шешім Түркия орталық банкі қаржы саясаты кеңесінің бүгінгі отырысының қорытындысы бойынша жарияланды.
Тұрақтандырушы банк қаржы-несие саясатын қатаңдату процесі басталатынын хабарлады.
«Нарық механизмі тиімділігін жоғарылату және макро-қаржы тұрақтылығын нығайту бойынша қадамдар жасалады. Қаржы-несие саясатын қатаңдату кезең-кезеңімен инфляция саласындағы жағдай жақсарғанға дейін жалғасады», — деп хабарлады ОБ өкілдері.
Тұрақтандырушы түрлі елдердің орталық банктері инфляция дәрежесін төмендету бойынша шара қолданып жатқанын айтып, жаһандық үрдіске назар аудартты.
Осыған байланысты Түркияда жылдық инфляцияны 5 процентке жеткізетін орташа жедел мақсаттың маңызы атап өтілді.
«Орталық банк инфляцияны бақылап отырады және елдегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қолда бар құралдардың бәрін пайдаланады», — делінген кеңес мәлімдемесінде.