Қоғам

«Құралай»: Астанада қуыршақтар театрлары арасында III Халықаралық фестиваль өтеді

Астананың 25 жылдығына орай, елордада «Құралай» қуыршақ театрлары арасындағы III Халықаралық фестиваль өтіп, 13 театр өз қойылымдарын ұсынады, деп хабарлайды Turanews.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда күніне орай және қазақтың қуыршақ өнерін бүкіл әлемге танымал ету мақсатында 25-29 маусым аралығында қала әкімдігінің мәдениет басқармасының қолдауымен Астанада қуыршақтар театрлары арасында «Құралай» III Халықаралық фестиваль өтеді. Биыл оған Қазақстан, Қытай, Перу, Түркия, Сербия, Эстония, Ресей, Өзбекстан елдерінен 13 театр ұжымы қатысады.

Биылғы фестиваль ерекшеліктерінің бірі – арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздарды Астана әкімдігінің «Қуыршақтар театры» жанындағы театр студиясының алғашқы түлектері, яғни балалар анықтайды.

Фестиваль 25 маусым күні сағат 9:30-да қатысушылардың салтанатты шеруімен ашылады. Шеру «Жастар» сарайынан музыкалық жас көрермен театрының ғимаратына дейін жүреді.

Сол күні Жас көрермендердің музыкалық театрында апталықтың ашылуына арналған гала-концерт өтеді. Оның алаңында қатысушылар көрермендерге өз қойылымдарын ұсынады. Сонымен қатар, танымал әртістер мен педагогтер актерлік шеберлік пен қуыршақтану бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді.

TuraNews

Back to top button