Әлем

Өзбекстан аумағын шаңды дауыл басты

Өзбекстанда құйынды жел салдарынан Бұқар, Науаи, Самарқан және Жизақ облыстарында 40 мыңнан астам үй жарықсыз қалды, деп жазады Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

19 маусым күні Өзбекстанның бірқатар өңірінде құйынды шаңды дауыл тұрды. Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеолардан күн райының бұзылуынан туындаған көлік кептелістерін көруге болады.

Елдің Төтенше жағйдайлар министрлігінің дерегіне сәйкес, дүйсенбі күні Науаи, Бұқар және Самарқан облыстарында қатты жел салдарынан шаңды дауыл көтерілген. Шаңды дауылдар Өзбекстанда, сондай-ақ Орталық Азия елдерінде жиі болатын құбылыс.

Мәлім етілгендей, қазіргі уақытқа дейін ТЖМ-ға табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендер туралы хабарламалар түскен жоқ.

Батыс облыстарда күн райы тұрақтанды, ал Ташкент қаласында қатты шаңды дауыл сақталып тұр.

Төрт облыста құйынды желден 40 мыңнан астам абонент электр энергиясынан ажыратылды.

Экология министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 19 маусым, сағат 17.00-ге дейін Бұқар және Науаи облыстарында бірнеше ондаған мың үй жарықсыз қалды. Атап айтқанда, қазір Бұқар облысындағы Шафирканск, Пешкунск және Гиждуванск аудандарында 6 мың тұтынушы, Науаи облысында Нуратинск, Навбахорск, Канимехск және Карманинск аудандарында 23 560 тұтынушы электр энергиясыз отыр.

«Электр жарығы ауданда қатты жел басылғаннан кейін қалпына келтіріледі», — деді Экология министрлігінен.

Кейіннен аталған министрлік сағат 18.00-ге қарай Самарқан облысының Пахтачинск және Кошрабатск аудандарында тағы 9 мың үйде жарық өшкені туралы хабарлады.

Жизақ облысында сағат 19.00-дегі жағдай бойынша, Жизақ қаласында, Фаришск, Арнасайск, Дустликск, Шараф-Рашидовск, Галляаральск және Пахтакорск аудандарында барлығы 12 250 абонент энергиядан ажыратылды.

Via
Kun.uz

TuraNews

Back to top button