Әлем

Өзбекстанның тұңғыш президентінің ұлы мұрагерлікке қатысты сотқа жүгінді

Өзбекстанның тұңғыш президентінің ұлы Петр Каримов мұрагерлікке қатысты әкесінің жесірі Татьяна Каримованың үстінен талап-арыз берді, деп хабарлайды Turanews.kz Өзбекстан Жоғарғы сотының сайтына сілтеме жасап.

Ташкент қаласының азаматтық істер жөніндегі Якқасарай ауданаралық соты Петр Исламұлы Каримовтің Өзбекстанның тұңғыш президентінің жесірі Татьяна Акбарқызы Каримоваға қарсы талап арызын қарайды. 26 маусымға жоспарланған отырыс туралы ақпарат Жоғарғы соттың сайтында сот отырыстарының кестелері бөлімінде орналастырылған.

Кестедегі ақпаратқа сәйкес, қаралатын іс «мұрагерлік құқығынан туындайтын дауларға» қатысты болмақ.

Петр Каримов – Ислам Каримовтың Наталья Кучмамен алғашқы некесінде дүниеге келген ұл. Қазіргі уақытта ол Ресейдің Мәскеу облысында тұрады, деп жазады БАҚ. Ислам Каримов 2016 жылдың 2 қыркүйегінде қайтыс болды. Оның Татьяна Каримовамен некесінен екі қыз бар — Гүлнәр және Лола. Тұңғыш Президенттің ресми өмірбаянында оның үш баласы бар екендігі көрсетілген.

TuraNews

Back to top button