ӘлемМәдениет

Қытайдағы қандастарымыз «Қара жорғаны» ерекше билеп, той көркін қыздырды

Қытайдағы қандастарымыз келін түсіру тойында қазақтың «Қара жорға» биін заманауи қимылдармен түрлендіріп билеп, ерекше думанды қойылым жасады, деп хабарлайды Turanews.kz.

Әлеуметтік желіде тарап жатқан осы ерекше той видеосынан бір топ қыз-жігіттермен бірге жаңа түскен келіннің де «Қара жорға» билеп жүргенін көруге болады. Олар ерекше ынтамен, шебер әрі жарасымды билеп, кештің көркін қыздырған.

Әсілінде «Қара жорға» биінің түп нұсқадағы қимыл-қозғалысы баяу ырғақты болып келеді. Қыз бен жігіттің арасындағы ынтық көңіл мен іңкәр сезім назды көрініске арқау етілген. Ал бұл жолғы тойда жастар биді заманауи қимылдармен түрлендіріп, сәтті шоу-қойылым жасаған секілді.

 

Bu gönderiyi Instagram’da gör

 

Otkir (@otkir_2022)’in paylaştığı bir gönderi

TuraNews

Back to top button