ДенсаулықҚоғам

Ерте піскен жеміс, көкөністерден адам ағзасына қандай қауіп бар?

Мамандар тұрғындарға ерте піскен көкөністер мен жемістерден уланып қалу ықтималдығы бар екенін ескертеді, деп хабарлайды Turanews.kz.

Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, улану организмнің «жеделдетілген режимде» өсірілген көкөністерде белгілі бір мөлшерде кездесетін пестицидтер мен нитраттармен қанығуына байланысты болуы мүмкін екенін айтып отыр.

«Жосықсыз өндірушілер тыңайтқыштардың рұқсат етілген дозаларын әдейі асырады, нәтижесінде көкөністер мен жемістер тартымды көрінеді. Бірақ әрқашан дәмді әрі пайдалы бола бермейді. Нитраттар, азот қышқылының тұзы адам ағзасында, кейде тоңазытқыштың ішінде нитриттерге, азот қышқылының тұздарына айналады, ал осы соңғылары өте зиян», — делінген комитет хабарламасында.

Мәселе нитраттардың болуында емес, олардың мөлшері мен концентрациясында. Аз мөлшерде нитраттарды және одан да аз нитриттерді ағзамыз қысқа уақыт ішінде шығара алады, бірақ ағза олармен қанығатын болса, бұл уланудың ауыр түрлеріне әкеп соғады.

«Көбіне нитраттардың көп мөлшері қызылша, кәді, қырыққабат, шөптер, шалғам, қарбыз және қауында кездеседі. Әсіресе ерте піскен көкөністер мен жемістерді тұтынғанда абай болу керек. Қарбыз бен қауын сөрелерде маусым айында пайда болады, осы жағдайдың өзі қауіпті, себебі нитраттармен улану ықтималдығы өте жоғары! Ең «жылдам» сұрыптардың өзі шілде айының соңына қарай пісе бастайды. Тамыздың соңынан бастап қазанға дейін – жақсы піскен қарбыз бен қауынды тұтынудың ең қолайлы уақыты», — дейді мамандар.

TuraNews

Back to top button