БастыСаясат

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының президентін қабылдады

Президент парламенттік дипломатия мемлекеттер мен халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға көмектесетініне назар аударды. Сондай-ақ ауқымды саяси және экономикалық өзгерістердің жүзеге асырылуы туралы айтты.

Өз кезегінде Маргарета Седерфельт Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Парламент Ассамблеясы негізгі саяси институттардың жүйелі трансформациялану барысын ерекше қызығушылықпен бақылап отырғанын жеткізді.

Бұдан бөлек, кездесу барысында Астана халықаралық форумындағы (AIF), сондай-ақ аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

TuraNews

Back to top button