Денсаулық

«Пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі» Халықаралық форумында не айтылды?

29 мамырда Астанада «пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі» Халықаралық форумы өтті, ол «QazVaC: ТАЙТАЛАС»кітабының тұсаукесерінен басталды.

Кітаптың ресми тұсаукесеріне бірқатар мемлекеттік және өзге де органдардың, халықаралық ғылыми ұйымдардың бірінші басшылары, ғалымдар, көрнекті қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Тұсаукесерде «ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы» КЕАҚ басқарма президенті К.Закария, «QazBioPharm «Ұлттық холдингі» АҚ Бас директоры Е. Абдураимов, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбек және ҚР Парламенті Сенатының депутаты А. Әлназарова құттықтау сөз айтты.

Айта кету керек, «QazVaC: ТАЙТАЛАС» деректі публицистикалық кітабы коронавирустық инфекция пандемиясымен күрес кезінде отандық вакцинаны жасаған қазақ ғалымдарының еңбегіне арналған.

«Кітапты әзірлеушілер тобы ғалымдармен, басшылармен жеке кездесіп, оқырмандардың назарына сұрақтарға жауаптар ұсынды: QazVac вакцинасы қалай жасалды? Қандай кедергілерді жеңуге тура келді? Отандық вакцина зауыты қалай салынды? Оның мәні неде? Пандемия аяқталды, бірақ ғалымдар мен медицина мамандарының пандемиямен күрестегі еңбегін ұмытпауымыз керек, кітап осы мақсатта шығарылды», – деді Күнсұлу Закария.

Тұсаукесер аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А. Көлгінов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты А. Альназарова, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбек, «QazBioPharm «Ұлттық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Б. Сапарбаев, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы» КЕАҚ басқарма президенті » К. Закария сөз сөйледі.

Спикерлер мен қатысушылар Қазақстанның COVID-19 пандемиясына қарсы күрестегі тәжірибесін, биологиялық қауіптердің алдын алу мен болжаудағы тетіктері мен стратегияларын, жаңа препараттарды әзірлеу жөніндегі озық технологиялар туралы пікірлерімен бөлісіп, талқылай бастады.

QazBioPharm баяндамалары: Қазақстан Республикасында қабылданған COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі шаралар. Сабақтар (Ғиният Ажар, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі), Қазақстанның COVID-19-ға қарсы вакцинаны әзірлеу және шығару тәжірибесі (Абдураимов Ерғали Орынбасарұлы, «QazBioPharm «Ұлттық холдингі» АҚ Бас директоры), АҚШ-тағы COVID-19 пандемиясы: әсері және қалпына келтіру шаралары (Шухрат Миталипов, Орегон денсаулық және ғылым университетінде, эмбриональды жасушалық және гендік терапия орталығының директоры, Портленд. АҚШ.), Қазақстанда COVID-19 кезінде пациенттерді басқаруға дәлелденген тәсілдерді қолдану тәжірибесі (Спатаев Ербол Маратұлы, Қазақстандағы ДДҰ елдік кеңсесінің жобалық офицері)Түркиядағы covid-19 пандемиясына қарсы вакциналарды зерттеу және әзірлеу бойынша жауапты шаралар және болашақта пандемияның алдын алу үшін не істеуіміз керек (Осман Эргонис, Селжук университетінің профессоры, Түркия),  Пандемия қорытындылары: елдің дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз өндірісін қалыптастыру (Искалиев Ерхат  Серікұлы, «СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы), COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды ілгерілету жөніндегі науқан: Қазақстан тәжірибесі (Ошақбаев Рахым Сәкенұлы,»Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы » ҚҚ директоры, «QazBioPharm «Ұлттық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі), COVID-19 пандемиясы және вирустың адамнан жануарларға таралуы (Сасан Ферейдуни, Вена ветеринарлық медицина университетінің жабайы табиғат экологиясы ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, Австрия), Қырғыз Республикасында коронавируспен күрес. COVID-19 пандемиясының әлеуметтік-экономикалық салдары (Мадумаров Акрам Камбаралиевич, Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы «Биотехнология институты» микробиология зертханасының меңгерушісі, Бішкек, Қырғызстан), ҰБО-ның COVID-19 пандемиясына төнген қатерге әрекет ету тәжірибесі: қорытындылар мен шығу жолдары (Скиба Юрий Александрович, Алматы қаласындағы «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС филиалының басшысы ).

Сондай-ақ, QazBioPharm алаңында «QazVac құру тарихы» фото-көрмесі, холдингтің еншілес ұйымдарының ғылыми қызметінің жетістіктері және іс-шараның демеушілері болып табылатын бизнес-құрылымдардың жобалары ұсынылды.

TuraNews

Back to top button