Экономика

Қазақстан Еуропалық одаққа азық-түлік экспорттау бойынша келіссөз жүргізіп жатыр

Қазақстан Еуропалық одақ елдеріне азық-түлік экспорттау бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев мәлім етті.

«Отандық экспорттаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырамыз. Мәселен, наурыз айында Еуро комиссиямен келіссөздер қорытындысында балық өнімдері экспортын қайда жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бал, ет өнімдері, құс ету және жұмыртқа экспорты бойынша келісөздер процесі басталды», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің атап өтінше, Тәжікстан Президентінің таяудағы елімізге сапары аясында 1,8 млрд доллардан астам сомаға 39 коммерциялық келісім жасалды. Оның ішінде 155 млн долларға Тәжікстан нарығына өңделген шикізаттық өнімді жеткізу көзделген. Мұнан бөлек, Сауд Арабиясы нарығына экспорт шығаруға мүмкіндігі бар компаниялар тізімін кеңефту жұмысы жалғасып жатыр. Бұл елге негізінен ет пен бал жеткізіледі.

«Таяуда ғана Қытайға бұршақ пен жасымық, күнбағыс, мақсары, соя және зығыр өнімдерін экспорттау туралы хаттамаларға қол қойылды. Салқындатылған ет, құс еті және субөнімдер, жылқы еті сынды өнімдерді экспорттауды бастау бойынша келіссөздер жүргізілуде», — деді Қайрат Төребаев.

Source
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button