Түркиядағы 14 мамырдағы президент сайлауының бірінші кезеңінің қорытынды нәтижесі жарияланды. Ондағы мәліметке сай, Реджеп Тайып Эрдоған 49,52%, Кемаль Кылычдароглу — 44,88%, Синан Оган — 5,17%, Мухаррем Индже — 0,43% дауыс жинаған, деп жазады Turanews.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Президент сайлауына Түркияның қазіргі басшысы Реджеп Тайып Эрдоған, оппозициялық Халықтық-демократиялық партияның басшысы Кемаль Кылычдароглу, «Альянс АТА» блогынан кандидат Синан Оган, «Отан» Партиясының Төрағасы Мухаррем Индже түсті.
Ресми басылымда жарияланған ОСК мәліметіне сай, 14 мамырда өткен президент сайлауында сайлаушылардың 87,04 проценті дауыс берген.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 14 мамырда Түркияда президент және 28-шақырылымдағы парламент сайлауы өткен болатын.
Жеңімпаз 28 мамырда өтетін президент сайлауының екінші кезеңінде анықталады.