БастыТуризм

Астана мен Анкара арасында жаңа рейстер іске қосылады

Азаматтық авиация комитеті қазақстандық авиакомпаниялармен бірлесіп халықаралық рейс санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Turanews.kz.

Комитет мәліметінше, 23 мамырдан бастап «Fly Arystan» авиатасымалдаушысы Airbus – 320 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сейсенбі, сенбі) Астана — Анкара бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейсін ашуды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Түркия арасындағы рейс санының артуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.

TuraNews

Back to top button