Қоғам

Алматыда 8-қабаттан құлаған жас жігіт аман қалды

Алматылық дәрігерлер 8-қабаттан құлаған 19 жастағы жігітке операция жасап, аман алып қалды, деп хабарлайды Turanews.kz.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 8-қабаттан құлаған жас жігіт аурухананың қабылдау бөліміне аса ауыр халде жеткізілген. Пациент шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды.

Орталық қалалық клиникалық аурухананың ортопедия бөлімі меңгерушісі Қанат Тәуекеловтің айтуынша, жансақтау қызметкерлері алдымен пациентті жарақат салдарынан болған шоктан арылтқан.

Екі күн өткен соң дәрігерлер ота жасау жөнінде шешім қабылдады.

«Екі кезеңде бірнеше операция жасалды. Бірінші ота «сынған жамбас сүйегін ашық репозициялау, пластинамен және бұрандалармен бекіту» деп аталады. Науқас есін жиып, жағдайы жақсарған соң екінші ота жасалды. Бұл операция барысында сүйек тіндерін сынған жерден бір-біріне жалғап, металл конструкциялардың көмегімен жалғадық», – деді Қанат Тәуекелов.

 

TuraNews

Back to top button