Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында елімізде 1 млн 151 мың адам бейресми жұмыспен қамтылғанын айтты, деп жазады Turanews.kz.
Агентітк басшысының айтуынша, Қазақстанда жұмыссыздарға мына санаттағы адамдар жатады:
— табысты жұмысы жоқтар;
-жұмыс іздеумен белсенді айналысып жүргендер;
— бір апта ішінде жұмысқа кірісуге дайын болған, 15 жастан үлкен адамдар.
«Жалпы жұмыссыздар саны тек тіркелген жұмыссыздарды ғана емес, өз бетінше жұмыс іздеуші жұмыссыздарды да қамтиды. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіндегі жұмыссыздардың үлесі ретінде есептеледі, пайызбен өлшенеді. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі де осындай жолмен есептеледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2022 жылғы желтоқсан айының соңына 132,3 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Олардың үлесі жұмыс күшінің 1,4%-ын құрады», — деп жазады агенттік басшысы.
Әсерт Ерғалиевтің сөзінше, ресми түрікелген жұмыссыздар бейресми экономикада немесе ресми экономикада бейресми жағдайда немесе экономиканың табысы төмен салаларында, жеке қосалқы шаруашылықтарда жұмыс істеу арқылы күн көруі керек.
«2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы бойынша бейресми жұмыспен қамтылғандар саны 1151,1 мың адамды құрады», — деп жазылған жауапта.