Өткен жылдың сәуір айымен салыстырғанда бұл өнім 27,6% қымбаттаған, деп хабарлайды Turanews.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Ең қымбат маргарин Астана қаласының тұрғындарына тиесілі, мұнда бұл өнімнің орташа бағасы 1457 теңге деңгейінде тіркелген.
Таразда орташа баға 1100 теңге болса, Алматыда маргариннің келісі үшін орта есеппен 935 теңге, Шымкентте 948 теңге жұмсау керек.
Маргариннің ең арзан келісі Қызылордада – 790 теңге.
Еске салсақ, 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Қазақстанда 64,5 мың тонна маргарин және ұқсас тағамдық майлар өндірілген. 2021 жылы бір мың тоннаға (65,5 мың тонна) артық өнім өндірілді.