Елімізде 9 млн-ға жуық адам жұмыс істейді
2022 жылдың төртінші тоқсанындағы жағдай бойынша 9 миллионға жуық адам жұмыспен қамтылған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,7%-ға көп.
Оның ішінде қалалық жерде жұмыспен қамтылғандар үлесі 4,6%-ға, (5,5 млн адам), ал ауылдық жерлерде бір жыл ішінде 2,4%-ға (3,5 млн адам) дейін төмендегені байқалды, деп жазады Turanews.kz порталына Finprom.kz ресурсына сілтеме жасап.
Елімізде жұмыс істеушілердің 94,5%-ы бір жерде ғана еңбек етеді. 4,2%-ы негізгі жұмыста, жеке кәсіп және қосымша жұмыста, тағы 1,3%-ы негізгі және қосымша түрде еңбек етеді.
Кәсіптік білім деңгейі бойынша 4 млн адамның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, 4,4 млн адамның техникалық және кәсіптік білімі, 582,6 мың адамның бастауыш, негізгі, жалпы орта білімі бар.
Жұмыспен қамтылғандардың ішінде 6,8 млн адам жалдамалы қызметкер, 1,6 млн адам жеке кәсіпкер, 498,1 мың адам тәуелсіз қызметкер, 19,8 мың адам жеке практикамен айналысатын адамдар, 5,8 мың адам шаруашылық серіктестіктер (қатысушылары) және акционерлік қоғамдық ұйымның құрылтайшылары, акционерлері (қатысушылары), сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері.
Өңірлерге келек, ең көп жұмыспен қамтылғандар Алматыда 1 млн адам, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2%-ға артық. Одан әрі ТОП-3 өңірге Түркістан облысы (793,8 мың адам, жылына 2,1%) және Алматы облысы (677,9 мың адам, минус 30,2%) кіреді. Ең аз жұмыспен қамтылғандар Ұлытау облысы (101,7 мың адам), СҚО (277,2 мың адам) және Абай облысында (287,1 мың адам).
Кәсіптік салаға келсек, ең көп жұмыспен қамтылғандар көтерме және бөлшек сауда саласында, сондай-ақ автожөндеуде бар (1,5 млн адам).
Сонымен қатар халық жұмыспен жақсы қамтылған негізгі үш салаға білім, ауыл, орман және балық шаруашылығы кіреді.
Сұранысқа ие емес қызмет салалары арасында сумен жабдықтау, өнер, ойын-сауық және демалыс секторы, сондай-ақ электрмен жабдықтау бар.