ӘлемСаясат

Өзбекстанда президенттік сайлау науқаны басталды

Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы 9 шілдеде өтетін президентті мерзімінен бұрын сайлау науқанын бастады, деп жазады Turanews.kz gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.

Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы 10 мамырдағы отырыста 9 шілдеге тағайындалған президентті мерзімінен бұрын сайлау науқаны басталғанын дәл осы күннен бастап жариялау туралы шешімді бекітті.

Отырыста ОСК төрағасының орынбасары Бахром Кучкаровтың айтуынша, партиялар 13 мамырға дейін өздерінің өкілетті өкілдерін тіркеу туралы өтініш білдіріп, 15 мамырға дейін сайлауға қатысуға құжаттар тапсыруы керек.

Партиялардан үміткерлерді ұсыну 17 мамыр-1 маусымға жоспарланған. Кандидаттарды тіркеу туралы құжаттар ОСК-ға 2 маусымға дейін берілуі тиіс. Тіркеу 6 маусымда аяқталуы керек.

Президенттікке кандидат ұсынуға тек саяси партиялар ғана құқылы. Өзбекстанда барлығы бес партия тіркелген.

TuraNews

Back to top button