БастыЭкономика

Қазақстан Тәжікстаннан жеміс-көкөністі жүйелі түрде импорттауға мүдделі

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 500 млн доллардан асқан. Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен бірлескен мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды Turanews.kz.

«Жуырда өткен казақ-тәжік бизнес-форумы мен Іскерлік кеңестің отырысы кәсіпкерлердің бұл салаларда өзара тиімді байланыс орнатуға мүдделі екенін растады. Атап айтсақ, бизнес-форум кезінде 1,8 млрд-тың келісімшартына қол қойылды. Агроөнеркәсіп кешені саласында да өзара сауданың көлемін арттыруға зор мүмкіндік бар», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент Тәжікстан Қазақстанға жеміс-жидек экспортын ұлғайта алатынын атап өтті.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша біздің екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 40% өсіп, 500 млн доллардан асты. Қазіргі жағдайда мен мұны жақсы көрсеткіш деп санаймын. Қазақстан Тәжікстан үшін бидай мен ұн жеткізетін ірі серіктестердің бірі болып есептеледі. Сонымен қатар, бізде өсімдік майы, макарон өнімдері, сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер экспортын ұлғайтудың қосымша көздері бар. Өз кезегінде Қазақстан Тәжікстаннан жеміс-көкөніс өнімдерін жүйелі түрде импорттауға мүдделі», — деді Президент Тоқаев.

TuraNews

Back to top button