БастыҚоғамМәдениет

ҚХА: тарихта алғаш рет этномедиаторлар институты құрылды

Этномедиация — Еліміздегі конфессияаралық татулық пен түсіністікке үлес қосып, ел азаматтарының ұлттық және конфессиялық мүдделерін сақтаудың ерекше құралы – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) жанынан тарихта алғаш рет этномедиаторлар институты құрылды.

Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева айтты, деп жазады Turanews.kz.

«Ассамблея өз деңгейінде азаматтардың құқықтарын қорғауға қатысады, дәлірек айтқанда медиациялық процестерге белсенді қатысады. Өткен жылды алып қарасақ, 10 мыңға жуық өтініш қаралды, оның 70%-ы құқықтық консультация кезеңінде шешілді, барлығы бойынша медиативті келісімдер жасалды», — деді Аида Балаева .

Baq.kz

Оның айтуынша, тарихта алғаш рет этномедиаторлар институты құрылды. Өңірлерде 22 тренинг ұйымдастырылып, онда 800 адам оқудан өтті.

«2022 жылы этносаралық салада 20 зерттеу жүргізілді, өңірлерде көшпелі мониторингтік топтар жұмыс жүргізді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы реформалардың барлығын жай ғана реформалар үшін емес, өз халқымыз үшін, ішкі рухани-адамгершілік және мәдени әлеуеті жоғары, білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру үшін жасап жатқанымызға баса мән береді», — деді ол сөз соңында.

 

TuraNews

Back to top button