Басты

ШҚО-да дала өрті ауыздықталды

Шығыс Қазақстан облысында 45 гектарға жайылған дала өрті ауыздықталды, деп хабарлайды Turanews.kz.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, өрт 24 сәуірде Зайсан ауданында шыққан.

«Қарабұлақ ауылынан 15 шақырым жерде қамыс пен шөп өртенді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Екпіні секундына 8-ден 10 метрге дейінгі жел мен жетуі қиын батпақты жер жағдайды қиындатып жіберді», — делінген ақпаратта.

Жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД қызметкерлерінің бірлескен іс-қимылдарының арқасында 45 гектар аумаққа жайылған қызыл жалын толықтай ауыздықталды.

Тілсіз жаумен күреске барлығы 62 адам мен 12 техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, құтқарушылар өрт шыққандығын ғарыш арқылы мониторинг жасаудың арқасында анықтаған.

TuraNews

Back to top button