Мәдениет

Еуразия ұлттық университетінде қырғыз тілі мен мәдениеті орталығы ашылды

Еуразия ұлттық университетінде қырғыз тілі мен мәдениеті орталығы ашылды, деп хабарлайды Turanews.kz оқу орынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шарада Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дастан Дюшекеев Қырғызстан мен Қазақстан арасында білім беру саласында келісім бар екенін жеткізді.

«Орталықтың ашылуы біздің азаматтарымыздың, осында оқитын студенттер үшін сапалы білім алуға үлкен әлеуетке жол ашады», — деді дипломат.

Қырғыз тілі мен мәдениеті орталығы ЕҰУ-дың оқу-зертханалық ғимаратында ашылды. Онда екі елдің зиялы қауым өкілдерінің еңбектері назарға ұсынылған. Еуразия ұлттық университеті мен Ош мемлекеттік университеті бірлесе білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып келеді, сонымен бірге орталықта тіл курстары өткізілмек.

Атап өткен жөн, ЕҰУ Қырғыз Республикасының 16 жоғары оқу орнымен академиялық ұтқырлық, қос дипломды білім беру, оқытушылық тәжірибе алмасу шеңберінде ынтымақтастық орнатқан.

TuraNews

Back to top button