Елордада қалалық және халықаралық екі STEAM олимпиадасы өтеді. Бұл туралы «Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Даниал Айткенов айтып берді, деп хабарлайды Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«STEAM олимпиадасы – техникалық білім берудегі барлық соңғы жетістіктерді қамтитын инновациялық білім беру олимпиадасы. Олимпиада бағдарламалау, инженерлік робототехника және 3D модельдеу сияқты техникалық салаларда білім беруді қамтиды. STEAM білім беруді насихаттау нақты өмірде ғылыми-техникалық білімді қолдануды және балалардағы техникалық пәндерге қызығушылықты дамытуды білдіреді. 2017 жылдан бастап 5 олимпиада өткізілді. Биыл қалалық және халықаралық 2 STEAM олимпиадасын өткізу жоспарланған», — деді Д. Айткенов Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Олимпиаданы Астана қаласының әкімдігі цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы, «Астана Innovations» АҚ, STEAM Академиясы және Astana IT University қолдауымен өткізеді.
«Шараға елордалық білім беру мекемелерінің оқушылары, барлық облыстар мен қалалардың мектеп оқушылары және шет елдерден келген оқушылар да қатысады. Айта кету керек, мұндай олимпиадалар елордалық оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыратыны сөзсіз. Қалалық STEAM олимпиадасына 200 оқушы және халықаралық STEAM олимпиадасына тағы 200 оқушы қатысады деп жоспарланып отыр», — деді Д. Айткенов.
STEAM Олимпиаданы оқушыларды ғылым, технология, инженерия, өнер және математика салаларында дамытып, алға жылжытады.