Басты

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясында ауыс-түйістер болды, — деп хабарлайды Turanews.kz ақпараттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары қызметін атқарған тұлғалар қызметінен босатылды.

«Тауфик Акрамович Каримов және Наталья Григорьевна Дементьева Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.

Акбаржон Исмаилов пен Аурика Дяк бұл қызметке жаңадан тағайындалды.

«Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

TuraNews

Back to top button